27 Қараша 2022 2022, 15:19

ӘЧ-2022: Бүгін Испания мен Германия кездеседі

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында 27 қараша мен 28 қарашаға қараған түні төрт ойын өтеді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында 27 қараша мен 28 қарашаға қараған түні төрт ойын өтеді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Астана уақытымен сағат 16:00-де Жапония – Коста-Рика, 19:00-де Бельгия – Марокко матчтары басталады. Екі ойында да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сағат 22:00-де Qazaqstan және «Qazsport» телеарналары Хорватия – Канада матчының тікелей трансляциясын ұсынады.

Қарашаның 27-нен 28-іне қараған түні сағат 01:00-де Испания – Германия кездесуі басталады. Бұл суперматчты да екі телеарна – Qazaqstan және Qazsport көрсетеді.