ACA 111 турнирі. Октагонға кімдер шығады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәскеуде қазақстандық төрт файтердің қатысуымен АСА 111 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

19 қыркүйекте Мәскеуде өтетін ACA 111 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік файтер Александр Сарнавский (37-7) Абдул-АзизАбдулвахабовпен (17-2) кездеседі. Бұл кездесуде жеңіл салмақтағы (70 келі) вакантты титул сарапқа салынады.

Кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық үздік файтер Артем Резников (21-6) жеңіл салмақтағы бұрынғы ACB чемпионы (66 келі) Юсуф Раисовпен (16-1) жұдырықтасады. 

Кештің үшінші негізгі кездесуінде қазақстандық Асылжан Бақытжанұлы (11-1) жартылай ауыр салмақта (93 келі) Алексей Буторинмен (15-4) кездеседі.

Негізгі кардта өзінің кезекті жекпе-жегін алматылық ГеоргийКичигин өткізеді, оның қарсыласы тәжікстандық Мамуржон Хамдамов болады. Сондай-ақ, жеңіл салмақтағы файтер НұрбергенШәріпов ресейлік ТамерланКулаевпен жұдырықтасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы