Абзал Салықбаев: Әкімді тек мемлекет емес, саяси партиялар да бақылауға алады

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Өзіміз дауыс беріп таңдаған әкіміміз» дейтін күн алыс емес. 25 шілде күні еліміздің бірқатар өңірлерінде ауыл әкімдерін сайлау өтеді. Ауыл әкімдерінің өкілеттік мерзімі бұрынғыдай төрт жылға сайланады.

Бұған дейін ауыл, елді мекен немесе аудан әкімдеріне кандидатты жергілікті мәслихат депуттары сайлап келген болатын. Ал қазір ҚР «Сайлау туралы» заңға өзгеріс енгізілген соң халықтың өзі сайлайды.

«Ақ жол» ҚДП Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абзал Салықбаевтың пікірінше, бұл сайлаудың артықшылығы – саяси партиядан барған үміткерлер әкім болып жатқан жағдайда, ол әкімді тек мемлекет емес, саяси партиялар да бақылауға алатынын атап өтті.

«Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды бағдарламасында біз ауыл әкімдері де халықтың таңдау жолымен келу керектігін айтқан болатынбыз. Яғни бағдарламамызда басымдық берген бағыттардың бірі осы ауыл әкімдерін сайлау туралы болатын. Сондай-ақ, әкімді халық өзі таңдаса, сайлауда партиялық өту шегін 7-ден 5%-ға дейін төмендетілсе деген сынды ұсыныстарды да билік басындағыларға жолдаған болатынбыз. Ұсынысымызды қабыл алғанына қуаныштымыз. Алдағы сайлауға тастүйін дайынбыз. Заңдағы өзгерістермен танысып шықтық. Қазіргі таңда 30-ға жуық үміткеріміз бар. Олардың өтініштерін жинақтап белгілі критерийлерге сәйкестігін тексерудеміз. Бүгінде сол кандидаттармен және тиісті аумақтық сайлау комиссияларымен тығыз жұмыс жасап жатырмыз, - деді Абзал Мырзаханұлы.
Айта кетейік, заң бойынша әр ауыл округіне әр саяси партиядан бір ғана үміткер тіркелуі қажет, сол заңға байланысты сайлауға бір үміткерден ұсынылады.

Заңда көрсетілген құжаттарды, толығымен жинақтап, 9 шілдеге дейін толығымен тапсырамыз. Заң бойынша әр ауыл округіне әр саяси партиядан бір ғана үміткер тіркелуі қажет, сол заңға байланысты бір үміткерлерден ұсынамыз. Бұл сайлаудың артықшылығы – саяси партиядан барған үміткерлер әкім болып жатқан жағдайда, ол әкімді тек мемлекет емес, саяси партиялар да бақылауға алады, - деді Абзал Салықбаев.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы