Абзал Құттыбеков жарыстан шеттетілді
«Странджа» турнирінде қазақстандық Абзал Құттыбековті жарыстан шеттетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан турнирде 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Құттыбеков грузиялық Артем Иорданянмен жұдырықтасты. Кездесу барысында отандасымыз алда келе жатқан. Алайда үшінші раундта ол ереже бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді. Осылайша, турнирдің ширек финалына шыққан жоқ.
Айта кетелік, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов «Странджа» турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Трнирдің алғашқы жекпе-жегінде Нұрдәулетов сербиялық Артем Агиловпен кездескен еді. Кездесуде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда жоғалып кеткен балықшылар табылды
Өзгелердің жаңалығы