Абылай хан даңғылындағы Bus Lane қозғалысына өзгеріс енгізіледі
22 сәуірден бастап Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылы бойында қоғамдық көлікке бөлінген жолақпен автомобильдердің қозғалу уақытын өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынның мәлімдеуінше, бұл қала тұрғындарының мобильділігін жақсарту, жедел жәрдемнің, арнайы қызметтердің және өрт сөндіру техникасының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.
Қоғамдық көліктен басқа барлық автомобильдерге жұмыс күндері сағат 06.30-дан 20.00-ге дейін арнайы жолақпен жүруге тыйым салынады. Сенбі, жексенбі және мереке күндері көліктерге Bus Lane арқылы жүруге рұқсат етіледі.
Инновация қала ішіндегі автомобиль ағынын тиімді құру үшін, сондай-ақ қарбалас сағаттардан тыс және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу үшін тестілік режимде енгізілуде.
Жол қозғалысының барлық қатысушыларынан сақ болуы және өз бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Жүргізушілер белгіленген жол белгілерін басшылыққа алып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауы қажет.