Абылай Әуелханов ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан астанасы Ташкентте басталған ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті деп хабарлады Olympic.kz.  

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылай Әуелханов екі бағдарлама қорытындысы бойынша 248 келіні еңсеріп (108+140), чемпион атанды. Абылай жақында өткен ересектер арасындағы Азия біріншілігінде күміске қол жеткізген болатын.  

Күміс медальді Өзбекстан өкілі Огабек Нафасов, қоланы эквадорлық Зурита Валледжо еншілеген. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы