Әбужақынова Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Абиба Әбужақынова Бакудегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абиба үшінші орын үшін болған белдесуде бельгиялық Лоис Петитті ескерту саны бойынша жеңді

Абиба ширек финалда швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп, жұбаныш белдесуінде Лейла Алиеваны (Әзірбайжан) жеңді.

Сонымен қатар жарыстың алғашқы күнінде өнер көрсеткен Дәурен Сүйкенов (60 келі) және Сұңғат Жұбатқан (66 келі) ширек финалға дейін жетіп, жұбаныш белдесуінде қарсыластарына есе жіберді

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Алдыңғы жаңалық
Елде 5 326,8 мың көлік бар
Өзгелердің жаңалығы