Әбуғали Сәрсенбаевтың туғанына 115 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламы қарымды жазушы, жалынды журналист Әбуғали Сәрсенбаевтың туғанына 115 жыл!
Әбуғали Сәрсенбаев Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданда шайқасып жатқан жауынгерлер атынан «Атамыз Жамбыл ақынға» атты жыр жолдаған болатын.
Ол өлең-хатына Жәкең «Жүз жасаған жүректен» деген көлемді толғаумен жауап береді. Екеуінің бір-біріне жазысқан өлеңдері республикалық, облыстық, майдандық, дивизиялық газеттер бетінде басылды.
Көпшілік Әбуғали Сәрсенбаевты лирикалық өлеңдердің шебері, ақындығы мен адамгершілігі, қайраткерлігі мен халқы үшін аянбайтын қасиеті алты Алашқа таралған, тоқсаннан аса ғұмыр кешіп, ақсақалдан абызға айналған тұлға ретінде біледі, - деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.Ақиық ақын, жазушы қазақ журналистикасының да қақ төрінен орын алатын тұғырлы тұлға. Өйткені бүкіл ғұмырын қастерлі қағаз бен қасиетті қаламға арнап өткен қаламгер артында баға жетпес мол мұра қалдырды.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басында «Түркістан» газетінің редакторы, кейінгі жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының директоры қызметінде де ел үшін елеулі еңбек сіңірді.
Өзінен кейінгі жастарға да қай кезде де қамқорлық жасап, жол көрсетіп, үлгі-өнеге бола білген дарын иесінің аты ұрпақтарының жадында. Кейінгі толқын жастар да тоқсан жасында дүниеден өткен Әбуғали Сәрсенбаевтың көркем шығармалары мен ғибратты ғұмырын ұмытпас деп сенемін, - деп жазды министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенат ЕЭО туралы шартқа енгізілген өзгерстерді ратификациялады
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы