31 Тамыз 2020 2020, 15:42
Абу-Дабиде жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқыс оқиға мейрамханадағы газ баллонының жарылуы салдарынан болған.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқыс оқиға мейрамханадағы газ баллонының жарылуы салдарынан болған, деп жазды ТАСС.
Абу-Дабиде қатты жарылыс болды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, қаладағы мейрамханалардың бірінде газ баллоны жарылған. Оқыс оқиға болған көше қоршалды. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді.