Абу-Дабиде археологтар шамамен тоғыз мың жыл бұрынғы ғимаратты тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РЕН ТВ Абу-Даби маңындағы Гага аралында археологтар БАӘ-дегі ең көне ғимараттардың қирандыларына куә болды, деп жазды «Хабар 24».
БАӘ-де табылған ең көне ғимарат ғалымдар үшін тың жаңалық болды. Бұған дейін Абу-Даби жағалауында орналасқан Марава аралындағы ғимарат ең көне болып саналған. Оның жасы жақында табылған қирандылардан 500 жылға кіші. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл бай елдің алғашқы қауымдары тас ғимараттарда орналасса керек.
Бұл жерде биіктігі бір метрге жететін қарапайым дөңгелек бөлмелер болды. Бөлмелерде археологтар жүздеген артефактілерді, соның ішінде шебер жасалған тас жебе ұштарын тапты. Олар аң аулау үшін пайдаланылған. Мамандар бұл елді мекеннің қанша уақыт болғанын және неліктен шамамен бес мың жыл бұрын тасталғанын әлі анықтаған жоқ. Басылым сондай-ақ, бұрын бұл аймақтағы елді мекендердің катализаторы неолит дәуірінде ғана дамыған теңіз сауда жолдары болды деп есептелгенін атап өтеді. Дегенмен соңғы жаңалық адамдардың мұнда әлдеқайда ертерек өмір сүре бастағанын дәлелдейді.
Бұл археологиялық олжалар адамдардың мұнда сегіз жарым мың жыл бұрын қоныстанғанын және үйлер салғанын көрсетті, – деп түсіндірді Абу-Даби мәдениет және туризм департаментінің төрағасы Мұхамед Әл-Мубарак.
Оның пайымынша, табылған ғимаратта мыңдаған жылдар бойы прогреске қол жеткізгісі келген дамыған қоғамның көрінісі бар.