Абу-Даби плаза құрылысы басталғалы 10 жыл болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада салынып жатқан Абу-Даби плаза кешенінің құрылысы басталғанына биыл 10 жыл болды.

Ғимараттың құрылысы 2010 жылдың қараша айында басталып, 2016 жылдың маусым айына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған болатын. Алайда кешен құрылысы әлі де аяқталған жоқ.

Абу-Даби Плаза Қазақстанда мен Орта Азиядағы ең биік ғимарат болады. Ғимараттың биіктігі - 382 метр, ал қабаттар саны - 78. Кешен құрылысы басталған кезде 88 қабат болады екен деген қауесет тараған болатын.

Кешеннің ішкі аумағы 280 000 шаршы метрді құрайды.

Абу-Даби плаза-ның жалпы аумағы 510 мың шаршы метр.

Кешенде: қонақ үй, кеңселер, пәтерлер, сауда орталығы, қысқы бақ орналасады.

Биылғы жылы сауда-ойынсауық орталығы пайдалануға берілді.

Кешен құрылысы бірнеше рет өртенді. Сонымен қатар құрылысшылар төбелесі мен жалақыға қатысты наразылық шаралары өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, сауда орталығы 2019 жылдың 30 қазанында, қонақ үй кешені – 2019 жылдың 30 желтоқсанында, тұрғын үй кешені – 2020 жылдың 30 қаңтарында тапсырылады деп жоспарлануда. Осы мерзімде 1 кеңселік ғимарат та берілуі тиіс. Ал 2 кеңсе ғимаратын 2020 жылдың 30 сәуірінде, сервистік апартаментты 2020 жылдың 28 ақпанында пайдалануға беру жоспарланған.

Жалпы көпфункционалды кешеннің пайдалануға берілетін мерзімі – 2020 жылдың 30 маусымы.

Құрылысқа жұмсалар бастапқы шығын көлемі 1,6 млрд долларға белгіленген.

 

Абу-Даби кешені Елорда аумағының 40 шақырымынан көрінетін "алып маяк" міндетін атқарады деген болатын – құрылысқа жауапты "АЛДАР Евро Азия" ЖШС бас директоры Элиас М. Дибб.

 

ФОТО: Шыңғыс Өркен

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы