Әблязовтің сыбайласы 6,3 млрд теңге қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, «БТА Банкі» АҚ-ның директорлар Кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта қылмыстық топ келтірген залалдың 6,3 млрд теңгесі қосымша өтелді. Бұл – Мәскеу қаласындағы ірі бизнес-орталығының құрылысына салынған және Әблязовтің бақылауындағы оффшорлық компанияға қайтарымсыз несие беру арқылы жымқырылған БТА Банкінің қаражаты – делінген хабарламада.

Қазақстанға сот төрелігінен жасырынып жүрген тұлғаларды экстрадициялау және өз еркімен қайтару, басқа қылмыстық эпизодтар аясында келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы