Әбілязовты сырттай 15 жылға бас бостандығынан айырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сонымен қатар сот БТА банкінің азаматтық талап-арызын 173 миллиард рубльден астам сомаға қанағаттандырды.

Сот сырттай «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовты 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ТАСС.

Үкім «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовқа, сол банктің басқарма төрағасы Роман Солодченкоға, сондай-ақ олардың қарамағындағылар Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенкоға қатысты шығарылды. Ресей Федерациясының Бас прокуратурасында атап өткендей, олар алаяқтық, қылмыс нәтижесінде алынған мүлікті заңдастыру, ұйымдасқан топты алдау арқылы аса үлкен залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

Әбілязов 15 жылға, Кононко 10 жылға, Параскевич 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ерещенко мен Удовенко әрқайсысы 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың барлығы жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады. Сондай-ақ, сот БТА банкінің азаматтық талап-арызын 173 миллиард рубльден астам сомаға қанағаттандырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы