Абдулла Гүл Түркі академиясына арнайы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның 11-ші Президенті Абдулла Гүл Түркі академиясына арнайы келді.

Қазақстанда іссапармен жүрген Түркия Республикасының 11-ші Президенті Абдулла Гүл Халықаралық Түркі академиясына арнайы келді.

Мәртебелі қонақты Академия басшысы Дархан Қыдырәлі күтіп алды. 



Аблулла Гүл Академияның жаңадан ашылған ғимаратында орналасқан Түркі музейін аралап көріп, Түркі академиясы шығарған ғылыми еңбектермен және атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар, Түркияның бұрынғы Президенті Академияның бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы еңбегін жоғары бағалап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде, Академия басшысы мәртебелі мейманға ұйымның түркі дүниесінің білім және ғылым саласында жүзеге асырып жатқан маңызды іс-шаралары жөнінде баяндады.



Кездесу соңында Дархан Қыдырәлі Абдулла Гүлдің Түркі Академиясына арнайы келгеніне ризашылығын білдіріп, ұйым әзірлеген бағалы басылымдарды тарту етті.

Айта кету керек, 2010 жылдың 25 мамыры күні  Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияның  11-ші Президенті Абдулла Гүл Түркі академиясының ашылу салтанатына қатысқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы