Абдулхалил Долкунтай : Президент бүкіл халықтың ынтымағын күшейтетін реформа ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді Алматы қаласындағы Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы филиалының бірінші орынбасары Абдулхалил Долкунтай айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бірқатар аса маңызды мәселені қозғады. Жолдауда ұсынылған реформалар елімізді жаңа өзгерістерге алып келеді деп ойлаймын.  Экономикалық дағдарыс кезінде мұндай жаңа реформалар мен заңдар аса қажет деп есептеймін. Мәселен, Президент Парламент депутаттарының қызметін жоғарлатты. Енді олар заңдарды өздері мақұлдап, жүзеге асырады. Мәслихат депуттарын енді халық сайлайтын болды. Егер олар уәделерін орындай алмаса, оны алып тастайтын да халық. Сол себепті халыққа тиімді қызмет көрсетеді деп есептеймін, - деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, Мемлекет басшының Ұлттық құрылтайды құруы оң шешім.

Құрылтайда еліміздің әр өңірінің, әр саласының қызметкерлерінің пікірі тыңдалып, ерекше жобалар талқыға салынады деп ойлаймын. Жүзеге асатын маңызды реформалар шығатын алаңға айналмақ. Тағы айтар жәйт, қазір 20 мың емес, 5 мың адамның қолын жинап-ақ партия құруға болады. Меніңше, бұл өте ұтымды шешім. Ал жаңа облыстардың құрылуының тиімді тұстары көп. Ол жерлерге жаңа жұмыс күштері пайда болады. Жаңа зауыттар салынады. Жалпы біздің егемендімізбен, ынтымағымызды сақтау үшін Мемлекет басшысы өзінің тиімді жоспарын ұсынды деп санаймын, -деді Алматы қаласындағы Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы филиалының төрағасы Абдулхахлил Долкунтай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы