Әбдіжәміл Нұрпейісовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ә.К.Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы қаулы етті. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", - делінген Қаулыда. 
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Бұған дейін "Қан мен тер" трилогиясының авторы, Қазақстанның халық жазушы, Ұлы отан соғысының ардегері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің 95 жасқа толғаны туралы хабарлағанбыз. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жеделхат жолдады. 

Ал Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Халық жазушысының 95 жылдық мерейтойына орай мерекелік кеш өткен болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы