Әбдірайымов Жамбыл облысындағы вакцина өндіретін зауыт туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары Ерғали Әбдірайымов қазақстандық вакцинаға арналған онлайн брифингте айтты.

Ерғали Әбдірайымов коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыттың құрылысы туралы айтты.

Тәжірибе бойынша ондай зауыттар 2-3 жыл салынады. Себебі құрылымдық бөлімі мен қондырғылар мен оларды жеткізу тапсырыс бойынша жүзеге асырылады. Әлемде осы сынды зауыттардың көп салынып жатқанын ескерсек, қондырғыларды кейбір елдердегі санаулы өндірушілер ғана шығарады. Ол: Еуропаның бірінеше елі мен Қытай, Америка, - деді ол.

Әбдірайымов атағандай, осы өндірушілердің тауарды шығаруында қысым пайда болды.

Зауыттың құрылысы аяқталды. Қондырғыларды жеткізу мәселесі тұр. Кейбір қондырғылардың дайындалуына 8-9 ай кетеді. Оларды жеткізіп, орнату, іске қосу, тестілеуге де біршама уақыт кетеді. Біз осындай зауыттың бізде салынуы үлкен жеңіс. Әкімдік жылдан аз уақыт ішінде оны салды. Қазір технологиялық және қосымша қондырғыларды орнату жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Ерғали Әбдірайымов өткен жылдың 12 маусымында Премьер-министр зауыттың бірінші тасын қойып, оның құрылысын бастауға рұқсат бергенін жеткізді.

20 мамырдағы жағдай бойынша зауыт тұрғызылды. Негізгі технологиялық қондырғы жеткізілді. Қазір ол инсталляция кезеңінен өтіп жатыр. Біз зауытта оның ісін ертерек бастау үшін тынымсыз жұмыс істеп жатқан қызметкерлерге алғыс айтуымыз керек. Бұл оңай емес құрылыс. Оның мәселесі өте көп, - деді ол.

Оның айтуынша, зауыт коронавирусқа қарсы вакцина өндіру мақсатында салынды.

Ертеңгі күні технологиялық және қосымша қондырғылар орнатылады. Барлық технологиялық тетіктер қарастырылған. Оның қуаты айына 60 млн дозаны құрайды. Оның ішінде бірнеше препарат бар, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы