Әбдіқалықова Қамшыбек Қоңқабаевты жеңісімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қамшыбек Қоңқабаевты жеңісімен құттықтады.

Сыр өрені Қамшыбек Қоңқабаевтың кәсіби рингтегі төртінші жеңісі құтты болсын, қазақ елі, - деп жазды өңір басшысы.
Алматыда өткен MTK Kazakhstan бокс кешінде Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) британиялық Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) жұдырықтасқан еді. Кездесу 12 раундқа есептелген.

Жекпе-жек жетінші раундта Қамшыбектің жеңісімен аяқталды. Уорд алған жарақатына сәйкес жарысты жалғастыра алмады. Бесінші раундта төреші британиялық боксшының нокдаунға түскенін көрсетті. Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокстағы карьерасында 4-ші жеңісіне қол жеткізіп,WBA Gold чемпиондық белдігін жеңіп алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы