Әбдіғалиұлы облыс атауын қазақшалау туралы ойынан айнымайды
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы облыстағы қалалардың атауын қазақшалауға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінің брифигінде БАҚ өкілі әкімнен елдің 5 облысының атауын қазақшалау туралы ұсынысы жайлы сұрақ қойды.
Әбіғалиұлының айтуынша, әзірге тек ұсыныс күйінде қалып отыр.
Менің «Қазақ тілі» республикалық қоғамының төрағасы екенімді білесіздер. Ғылыми конференциялардың бірінде өзімнің пайымымды айтқан едім. Мен ол пайымымды өзімнің қоғамдық жобаларым аясында бұрын да айтқанмын. Бұл – менің пайымым. Ол ұсыныстар сол күйі ұсыныс қалпында қалды, - деді Берік Әбдіғалиұлы.
Бұған дейін әкім канадалық жоғары оқу орындарымен серіктестік арқылы қос диплом беру шартымен университет ашу жоспары қолға алынғанын мәлім етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлытау облысында оқып, канадалық университеттің дипломын ал
Өзгелердің жаңалығы