Әбдіғалиұлы: Экологиялық талаптар сақталмаса айыппұл салынсын

Ұлытау облысында қоршаған ортадағы талаптарды бұзатын алты кәсіпорын және мекеме бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірдің экологиялық проблемасын шешуді қолға алу үшін арнайы Жол картасы болуы қажет. Берік Әбдіғалиұлы кезекті аппарат жиынында экологиялық талаптар сақталмаған жағдайда айыппұл салынуы тиіс екенін жеткізді.

Белгілі болғандай, 2023 жылы экология департаменті 26 бұзушылықты анықтап, ұйымдарға 150 млн теңгеден астам сомаға 31 айыппұл салған.

Қоршаған ортаны қорғау бөлігінде заңнаманы бұзған кәсіпорындар мен мекемелер басшылығының қатысуымен облыстың экологиялық проблемаларын шешу бойынша Жол картасын келісу үшін қосымша кеңес өткізуді тапсырамын. Заң талап ететін барлық жағдай орындалуы керек. Талап ету керек, ал міндеттемелер орындалмаған жағдайда-айыппұл, - деді өңір басшысы өз сөзінде.

Ұлытау облысы экология департаментінің басшысы Дастан Тілеубековтің айтуынша өңірдің барлық ірі кәсіпорыны келесі 2 жылда көгалдандырумен санитарлық қорғау аймағының жобасын әзірлеу бойынша міндеттеме алған. Ал егер аумақ шалғай болса, жақын маңдағы елді мекендерде жасыл желектерді отырғызу көзделеді. Ағаштар өлген жағдайда әр компания өтемақы төлеуге міндетті болады.

Сонымен қатар жиында Жезқазған мен Сәтбаевтағы кәріз-тазарту құрылыстарын жаһандық реконструкциялау жұмыстарын қаржыландыру көздерін анықтау бойынша Үкіметпен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды. 

Айта кетейік, ол үшін орта есеппен 30 млрд теңге қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы