Абайлық тұрғын Қытайдан тауар алдырамын деп алаяқтың құрбаны болды

Абай облысының тұрғыны Қытайдан тауар алдырамын деп алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Қыркүйек айының ортасында Семей қаласының ПБ орталық полиция бөліміне 35 жастағы ер адам келіп, осы жылдың 6 маусымында WhatsApp мессенджерін пайдаланып Қытайдан тауарға тапсырыс бергенін айтты. Алаяқ өзінің деректемелерін жіберіп, тауардың құнын алдын-ала төлеуді талап еткен.

Жәбірленуші алаяқтың айла-амалдарына күдіктенбей, сатушының талаптарын орындап, бірден 1 миллион 500 мың теңгеден астам қаражат аударды. Екінші аударымнан кейін тауарды жеткізуге уәде берген сатушы байланысқа шығуды тоқтатты. Ер адам алданғанын түсініп, полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Семей қаласының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шыққан күдіктінің жеке басын анықтады. Жауап алу барысында күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 1,2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция алаяқтың басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр, – деді Абай облысы ПД бастығы Бекторе Сұлтан

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы