Абайлық фермерлер әр гектардан 27 центнерден астық жинап жатыр

Аймақта егін жинау науқаны жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Шаруашылықтар қазірдің өзінде 147,8 мың га дәнді және бұршақты дақылдар жинады. Орташа өнімділік 14,5 ц/га құрады, 214 мың тонна астық бастырылды.

Бородулиха ауданының "AgroUnity" ЖШС өнімділігі бойынша көш бастап тұр, онда шаруалар гектарынан 27 центнерден жинайды.

Бидай жинау алаңы 239,0 мың га құрайды. Бүгінгі күні 111,3 мың га жиналды, 158,6 мың тоннадан астам бастырылды, орташа өнімділік 14,3 ц/га құрайды.

Майлы дақылдар бойынша жоспар - 295,8 мың га. 17,5 мың тонна картоп жиналды, орташа өнімділік 218,8 ц/га құрады.
Көкөніс дақылдарын жинау алаңы 3,8 мың га құрайды. Қазіргі уақытта 1,0 мың га жиналды, орташа өнімділік 236,5 ц/га құрады, 22,7 мың тонна өнім бастырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өзгелердің жаңалығы