Абайлаңыз, мұз: ТЖМ маңызды ескерту жасады
ТЖМ шатырлардан қар түсіп, мұздың құлауына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шаралары:
- қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз, мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз;
- көліктерді карниздерінде мұз қатқан және қар тұрған құрылыстарға жақын қалдырмаңыз;
- қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз, қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өтіңіз;
- құлаққаптарды қолдаңбаңыз, төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз.
- Егер табанжолмен жүріп бара жатқанда сіз төбеде күмәнді шу естіген болсаңыз, тоқтамаңыз. Бәлкім, бұл қардың немесе мұздың құлауы болар. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Тағы да ұшақ апаты болды: Толықтай өртеніп кеткен
Өзгелердің жаңалығы