Абайлаңыз, алаяқтар!

Қостанай облысында белгісіз біреу өзін салық қызметкері ретінде таныстырып, тексеру жүргізіп, ақша бопсалаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдейді.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сенім телефонына Қостанай қаласында белгісіз тұлға өзін салық қызметкері ретінде таныстырып, фискалдық чектердің берілуін тексереді, тексеру жүргізу арқылы кәсіпкерлерге  қауіп төндіреді, ақша  бопсалайды  деген дабыл түсті. 

Мемлекеттік кірістер комитеті аталған тұлғаның  мемлекеттік кірістер органдарына еш қатысы жоқ екенін хабарлайды.

Салықтық тексеру, тексеруге жататын мәселелер көрсетілген нұсқама негізінде жүргізілетініне назарларыңызды аударамыз.

Сондай-ақ, Комитет Салық  кодексінің 156-бабының 1,2-тармақшаларына сәйкес салық төлеуші салықтық тексеру жүргізу кезінде:

  • салық органынан тексеру жүргізу тәртібіне қатысты салық кодексінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері туралы ақпаратты сұратуға  және олардан алуға;
  • салықтық тексеру жүргізетін салық органдарының лауазымды тұлғаларынан салықтық  тексеру жүргізу туралы нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәліктерді немесе сәйкестендіру карталарын ұсынуды талап етуге құқылы екенін еске салады.

Егер  Сіз қызметкерлер  тарапынан немесе мемлекеттік  кірістер органдарының қызметкерлері болып табылатын тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерге, дөрекілікке, заңсыз талаптарға, бопсалап ақша  алушылыққа және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың басқа да белгілеріне тап болсаңыз, 8-7172-71-80-05 нөміріне немесе аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің  сенім  телефон нөміріне  хабарлауыңызды сұраймыз (https://kgd.gov.kz/kk/content/senim-telefondary-1).

Сақ болыңыз!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы