Абайлаңыз, алаяқ!

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлері оңтүстік өңірдің тұрғындары жасаған бірқатар интернет-алаяқтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.тілшісі.

Тұрғындарды алдап, қылмыс жасаған алаяқты облыс полицейлері ұстады. Алаяқтар қылмысын іске асыру үшін  өзін спутниктік теледидар қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке деректерін алып, микрокредиттік ұйымдарда қарыз ресімдеген. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторында қамауда. Олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

Сондай-ақ, тағы бір алаяқ Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.  “InDriver” қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдауға тапсырыс беру сылтауымен алдау арқылы жүргізушілердің жеке деректерін – жеке куәліктерін, тексеру үшін фотосуреттерді, сондай-ақ банк шоттарының деректемелерін алған. Содан кейін күдікті жәбірленушілердің атынан микрокредиттік ұйымдардан қарыз ресімдеген.  

Интернет-алаяқтықты осылайша  тұрақты табыс көзіне айналдырған. 

Сондықтан да, дербес деректерді бөгде адамдарға бермеуге тырысыңыз. Егер алаяқтардың құрбаны болғаныңызды түсінсеңіз, ең алдымен банкке немесе микроқаржы ұйымына хабарласып, қолма-қол ақшаның айналымына байланысты барлық  карталарды, шоттарды және операцияларды бұғаттауға тырысыңыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы