Абайдың ұрпағы сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Абайдың ұрпағы Манатай Балтақайұлы Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Сексеннің сеңгіріне шыққан Манатай ақсақал ШҚО-дағы Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Семей мал дәрігерлік институтын тәмамдаған. Көп жыл бойы ол ветеринария саласында еңбек етті. 90-жылдары Абай ауданы әкімінің орынбасары, аудандық Ауыл шаруашылығы кәсіподақ ұйымының төрағасы болды. 2000 жылдан бері зейнетте.
Бүгін - халқымыз үшін айтулы күн. Бұл сайлаудан үлкен үміт, жақсылық күтеміз. Сайлау демократия талаптарына сай өтіп жатыр деп есептеймін. Денсаулық жағдайыма байланысты сайлау учаскесіне барып дауыс бере алмадым. Сондықтан үйден дауыс беруге өтініш жасаған едім. Сөйтіп, учаске мүшелері үйге келген соң өз дауысымды бердім. Елбасымыздың және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекет тарапынан көптеген ауқымды шара атқарылуда. Бірлігіміз нығайып, халықтың жағдайы жақсара берсін! Сайланатын депутаттар жұрт мүддесін қорғау жолында аянбай жұмыс істейтініне сенемін, - деді ақсақал.
Айта кетейік, Манатай Балтақайұлы қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы Айткеш Толғанбаевтың «Қатал тағдыр тәлкегі» атты өмірбаяндық кітабын орыс тілінен қазақ тіліне аударған. Облыстық және аудандық газеттерде туған өлкенің тарихы мен тұғыры биік тұлғалары туралы талай мақалалар жариялады. Екі ұл, үш қыз тәрбиелеп, олардан алты немере сүйіп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы сайлаудың барысы қалай?
Өзгелердің жаңалығы