Абайдың әні алғаш рет жапон тілінде шырқалды

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. Жапон әншісі Ранка қазақстандықтарды қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен жапон тілінде "Көзімнің қарасы" әнін орындау арқылы құттықтады деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 
 

Әлемнің барлық еліне тараған коронавирус пандемиясы кезінде ол Қазақстан халқына осы сынақтан сүрінбей өтіп, қалыпты өмірге тез арада оралуын тіледі.
 

Музыкалық композицияның дәстүрлі жапон аранжировкасы "кото" ұлттық шертпелі аспабының дыбысталуымен "Zerosta" продюсерлік компаниясы жасады. Әннің сөзін жапон тіліне «Wako» университетінің профессоры Хироки Сакаи аударды – ол қазақ халқының фольклорлық-мифологиялық мұрасы туралы бірнеше кітаптың авторы, оның ішінде Абайдың «Қара сөздерін» жапон тіліне аударған, - делінген хабарламада. 


Қазақстанның Жапониядағы елшілігі достарының ізгі ниет жобасының мақсаты - Абай шығармашылығының көркемдік және эстетикалық мазмұнын жапон тілінде жеткізу арқылы қазақ мәдениетін дәріптеу.

Айта кетейік, Ранка композитор, жапондық халық және заманауи музыканың орындаушысы, сондай-ақ, "Japan Record Awards" музыкалық сыйлығының Гран-при иегері.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы