Абайдың "Қара сөздері" иврит тілінде жарық көрді

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Израильдің "Бейт Нелли" баспа үйі алғаш рет оның "Қара сөздерін" иврит тілінде басып шығарды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлады. 

Ведомство таратқан мәліметтерге қарағанда, баспа 20 жылдан астам уақыттан бері израильдік авторлардың еңбектерін жариялап келеді, сонымен қатар шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен ынтымақтастық орнатқан. Кітапты иврит тіліне көптеген әдеби шығарманы аударуға маманданған Полина Брукман тәржімәлады. Ол Абай шығармасымен алғаш рет танысып отырғанын және оның бай тілін заманауи оқырманға бейімдеу кезінде қиыншылықтар туындағанын ерекше атап өтті. 


Аудармашы Қара сөздер арқылы қазақ халқының бай мәдениетімен танысқанын атап өтті. П. Брукман болашақта Абайдың басқа да туындыларын аударудан үмітті. Жақында белгілі "Хаарец" газеті өзінің парақшаларында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласына сүйене отырып, Абай феномені жайлы арнайы материал жариялады. Бұған дейін Қазақстан елшілігі Абай шығармашылығымен Еврей университетінің басшылығын таныстырып, күзде оқу процесі қалпына келтірілгеннен кейін осы университет жанындағы Труман институтында "Қара сөздердің" тұсаукесерін өткізу бастамасы қолдау тапты. 

Елші Сатыбалды Бұршақов Израиль оқырмандарын қазақ әдебиетінің бай мұрасы - Абай шығармаларымен таныстыруға білімін салып, зор үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдірді. 

Айта кетейік, бұған дейін Абайдың өлеңдері грузин тіліне аударылғанын хабарлаған болатынбыз. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы