Абайдағы өрт. Мәжіліс қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Мәжілістің жалпы отырысында Абай облысындағы өрттен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов апаттан қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты.

Абай облысындағы апатты өрттің салдары адам өліміне әкеліп соқты. Бұл ауыр қайғы барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды, - деді төраға.

Естеріңізге сала кетсек, 12 маусым күнін Президент Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Барлық депутаттың атынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз, - деді Қошанов.

Мәжіліс өрт салдарынан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен қарсы алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы