15 Маусым 2023 2023, 14:50
Фото: - архив
Абайдағы орман өртінің салдарына қанша қаржы жұмсалды?
Абай облысындағы алапат орман өртінің салдарына қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Абай облысындағы алапат орман өртінің салдарына қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенаттың кулуарында берген сұхбатында мәлімдеді.
Әзірге жалпы өрт трагедиясы салдарының орнын толтыру есебі жасалған жоқ. Себебі өрт толықтай сөндірілмеді. Есептеу үшін резерв пен Үкімет, сондай-ақ Абай облысы бар. Нақты сандар белгілі болған соң барлығын айтамыз, - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Айтуынша, бүгінгі таңда Үкімет қазынасынан әлі бір тиын жұмсалмаған.
Мемлекет қазынасынан әлі бір тиын жұмсалған жоқ. Себебі шығын әлі есептелген жоқ, - деді Ерұлан Жамаубаев.