Абайда "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Жедел-профилактикалық іс-шара 9 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елдің көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау, сондай-ақ облыс аумағындағы заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында биылғы жылдың 3 маусымы мен 9 маусымы аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. 

Тәртіп сақшылары шетелдіктердің өңір аумағына келуін, олардың шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылайды, ішкі істер органдарында уақтылы тіркелмеген заңсыз көшіп-қонушылар мен бұзушыларды анықтауға рейдтер жүргізеді.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары барлық құрылыс нысандарын, базарларды, асханалар мен кафелерді міндетті түрде тексереді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысы Полиция департаменті
Өзгелердің жаңалығы