Абайда барлық мектеп штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Абай өңірінде барлық білім мекемесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір Абай облысындағы білім беру ұйымдарын су басу қаупі жоқ. Облыстың барлық аудан, қала мектептерінде оқушылар штаттық режимде оқып жатыр. Оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырылады.
Облыстағы Бородулиха ауданы Переменовка орта мектебінде оқу барысы штаттық режимде өтіп жатыр. 2 сәуірден бастап, оқушылар мектепке оралды. Білім мекемесіне апаратын бірнеше көшеден еріген қар суы толығымен шығарылды, - делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, Абай облысында 302 білім беру ұйымы бар, онда барлығы 100 102 оқушы білім алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде қанша үй су астында қалғаны айтылды
Өзгелердің жаңалығы