«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы басталады
Семей қаласы әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесіп желтоқсан айында «Абай жастары» бағдарламасын іске қосады, деп жазады BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарламаның әкімшісі «Семей қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі. Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Оның құрамына түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен жас отбасылар кіреді. Қазіргі уақытта халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаның ережесі әзірленді. Қатысу шарттары 1 желтоқсанда Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады, – делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылда жаңа жел электр станциясы іске қосылды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы