Абай туралы киноны ресейлік режиссер түсіре ме? Министрлік жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кейбір отандық БАҚ өкілдері Абай туралы фильмі ресейлік кинорежиссер Егор Кончаловский түсіреді деп хабарлаған болатын. Осыған байланысты мәдениет және спорт министрлігі жауап берді.
Әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыланып жатқан ресейлік кинорежиссер Егор Кончаловскийдің Абай Құнанбайұлы туралы фильм-опера түсіретіні туралы ақпарат жалған екенін хабарлаймыз. Абай туралы кино түсіру, оның үстіне бір жылдың ішінде жақсы дүние жасап шығу оңай емес, үлкен дайындықты қажет етеді, - дейді ҚР мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев.Оның айтуынша, фильм түсіреміз деп келетіндер Абайды жан-жақты зерттеп, ұлы тұлғаның болмысын түсіне алатындай, фильмге ұлттық рең бере алатындай қабілеті мен мүмкіншіліктері болуға тиіс.
Әрине, ел ішінен ондай шығармашылық тұлғалардың шығатынына күмән келтірмейміз. Бірақ, қу құлқынның құлы болып, ақша тауып қалуды көздегендер мен атақ алып, шен мен шекпенге ие болғысы келетіндердің Абай туралы фильм түсіруіне жол берілмеу керек деп ойлаймыз. Бұл фильмді түсіретіндер Ұлы Абайдың бейнесі мен рухани болмысын аша алатын, дүниетанымы мен тарихи тұлғасын әлемдік деңгейде көрсете алатын, ең бастысы Абайдың: "Ұятың, арың оянсын, Бұл сөзімді ойлансын…" дегеніндей, ел алдында жауапкершілікті, ар мен ұятты сезіне алатын кәсіби маман ғана мойнына алса ғана жақсы болар еді, - дейді кеңесші.Оның айтуынша, не сценарий жазушылардан, не режиссерлардан ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сараптама кеңесі мақұлдаған киножоба әлі де жоқ. Тек деректі фильмдерге ғана ұсыныс түсіп жатыр екен.
Бәріңізге өтініш, Ерлан Төлеутайдың әлеуметтік желідегі "Енді Кончаловский Қазақстанда тағы да фильм түсіремін деп жатқан көрінеді. Бұл жолы Абайдың өзіне ауыз салыпты" - деп, ресми емес ақпарат көзіне сүйенгені жәнеТалғат Теменов сияқты "Мен өткен жетіде "Қазақфильмге" бардым. Сонда Абай операсын ресейлік кинорежиссер Егор Кончаловскийдің түсіретінін естідім. Біреулер солай деп ұсыныс айтыпты-мыс. "- деп, елден естіген өсек-аяңды жазбай, нақты деректің шындығына көз жеткізіп алып, жазуларыңызды өтінеміз. Нақты деректерге байланысты мәдениет және спорт министрлігі әркез жауап беруге дайын, - дейді Ерлан Жұрынбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстанда 500-ден астам қасқырды атуға рұқсат берілді
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы