Абай өлеңдерін оқудан челлендж өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай зиялы қауым өкілдері арасында ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқудан челлендж өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Челленджді танымал өнер адамдары да қолдады. Солардың бірі – қазақ өнерінің абыз тұлғасы Асанәлі Әшімов ұлы ақын Абайдың жауһар жырын — «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңін оқыды.

Абайдың әр жолы – жүрекке жететін үн екені белгілі. Ал Асанәлі Әшімовтің орындауында бұл өлең тыңдарманын терең ойға жетеледі. Бұл – ұлт рухын жаңғыртатын сәттердің бірі.

Актриса Гүлнара Досматова да челленджді қабылдап, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының жүрекке жылы, сыршыл «Тихой ночью» атты өлеңін оқып берді. Бұл — түн тыныштығында айтылған ой, адам жанының тереңінен шыққан сыр. Абайдың мұрасы — ұрпаққа аманат.

Челленджді Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрынан, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзембаев, күйші, күй зерттеуші Қайрат Айтбаев жалғады.

Абай – біздің ұлттық санамыздың темірқазығы, рухани биігі. Оның сөзі менойы уақыт өткен сайын тереңдеп, жаңаша үн қатуда. Ұлы кемеңгердің аманатына адал болып, оның мұрасын келешек ұрпаққа лайықты жеткізу – бәрімізге ортақ міндет, - дейді өнер иелері.

Еліміздің белгілі актрисасы Жанна Қуанышева, Қайрат Байбосынұлы мен Қайрат Айтбаевтан челленджді қабылдап, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының «Будь разборчив в пути своем» атты өлеңін жүрекпен оқыды.

Челлендж:

  • Абайдың кез келген өлеңінен (қара сөзінен) үзінді оқу (бейнебаян);
  • Бейнероликті #Абай180, #Abai180, #Абай180жыл хештегтерімен жүктеу сынды талаптардан тұрды.

Рухани эстафета мәдени ортада кеңінен қолдау тапты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы