Абай облысының тұрғыны бақшасына есірткі өсірген
Полицейлер Абай облысының тұрғынынан 4,8 мыңнан астам түп қарасора тәркіледі. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қарасора-2023" жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында Абай облыстық полиция бөлімінің қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткіні заңсыз өсіру фактісін анықтады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Старая Крепость ауылының шетінен қоршалған плантацияны анықтады, - деп жазылған хабарламада.
Полицейлер бақшаның иесі 39 жастағы азамат екенін анықтады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі "Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
330-дан астам астаналық баспаналы болды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы