19 Қыркүйек 2022 2022, 11:40
Фото: POLISIA.KZ
Абай облысының полицейі әлем чемпионы атанды
Абай облысының полиция қызметкері QAZAQ KURESI бойынша әлем чемпионы атанды деп, хабарлайды BAQ.KZ POLISIA.KZ сілтеме жасап.
Абай облысының полиция қызметкері QAZAQ KURESI бойынша әлем чемпионы атанды деп, хабарлайды BAQ.KZ POLISIA.KZ сілтеме жасап.
Әлем біріншілігі 13-20 қыркүйек аралығында Румынияның Констанца қаласында өтті. Жарысқа 20 елдің спортшылары қатысты.
Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасында 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық жекпе-жекте румын спортшысын жеңді.
Сафуан-QAZAQ KURESI бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы.