Абай облысының өртке оранған ауданында жаңа әкім тағайындалды
Бородулиха ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Бородулиха ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен және Абай облысы әкімінің өкімімен, Бородулиха ауданының әкімі лауазымына Ибраев Айдар Маратұлы тағайындалды. Облыс басшысының қатысуымен өткен актив отырысы бір минут үнсіздіктен басталды.
Айдар Маратұлы – 1979 жылы 27 мамырда, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақши ауылында туған. Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Дидар газетінің тілшісі қызметінен бастаған. 2004 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Сонымен қатар, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2022 жылдың қазан айынан бастап осы күнге дейін Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы лаузымын атқарды.