Абай облысындағы жарылыс: Мектеп қазандығы жаңартылды

Абай облысына қарасты Үржар ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің автономды қазандығының істен шығуы салдарынан аумақты қоқыстардан тазарту жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ қосалқы қазандық іске қосылып, қажетті жылу параметрлеріне қол жеткізілді. Бұл жылу беруді жедел қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Ал 23 қарашада таңертең жаңа қазандық жеткізіліп, орнатылды, сонымен қатар апат салдарынан зақымдалған қазандық ғимаратының шатыры қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта негізгі қазандық жұмыс жасап тұр. Ал қосалқы қазандық резервке ауыстырылды. Мектепті жылумен жабдықтау температуралық кестеге сәйкес жүзеге асырылады, автономды қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, 22 қараша сағат 10:30 шамасында Үржар ауданында жылу қазандығы жарылғаны туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы