Абай облысындағы табиғи өрт жойылды
«Семей орманы» МОТР Бородулиха филиалының Дмитрев орманшылығындағы табиғи өрт 0,8 га алаңда жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД мен табиғи резерваттың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
ТЖМ облыс тұрғындары мен қонақтарынан орман алқабында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.
Айта кетейік, Абай облысы Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман өрті шыққан. Бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы