5 Тамыз 2023 2023, 11:26
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысындағы табиғи өрт оқшауланды
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
5 тамызда сағат 10:21-де "Семей Орманы" мөр аумағындағы орман алқабының жануы оқшауланды. Резерваттың мәліметінше, жану алаңы 27 га құрайды. Жағдайдың тұрақтануына байланысты ТЖМ бөлімшелері тұрақты орналасқан жерлеріне қайтарылды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 4 тамызда сағат 15:30-да "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт болғаны туралы хабарланған болатын.