Абай облысындағы өртті сөндіруге 4 тікұшақ тартылды

Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесіп жатыр.

ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техникасы жұмылдырылды. 4 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда.

ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі Күлдіков жіберілді.

Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы ОМ және колледжде эвакуациялық пункттерді орналастырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы