Абай облысындағы өртті сөндіру бойынша ақпарат пайда болды

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, қазіргі кезде 5 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1500 жуық адам, 290 астам техника жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 486 рет жалпы көлемі 1 мың тоннаған жуық су төгілді.

Алматы қаласы, Алматы облысы ТЖД жіберілген күштер мен құралдар, Қарағанды және Алматы облыстарының ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті. Арнайы жіберілген жылжымалы басқару пункті өз функциясын атқарып жатыр.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандардың фотосы жарияланған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Келесі жаңалық
Орман өрттері азайды
Өзгелердің жаңалығы