Абай облысындағы өрт. Өрттенген жердің болжамды ауданы 200 гектар

Қазіргі уақытта Абай облысының Көкпекті ауданындағы қамыс өртін өшіруге 3 техника мен 20 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қамыс Ертіс өзенінің жағалауындағы Кеңқолтық учаскесінде, дәлірек айтсақ, батпақпен қоршалған аралда тіркелді.

Ең жақын елді мекен - 60 шақырым жерде орналасқан. Елді мекендер мен шаруа қожалықтарына қауіп төнбейді. Қамыс өрті салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттенген жердің болжамды ауданы 200 гектар.

Естеріңізге сала кетейік, Көкпекті ауданының Үлгілі малшы а/о аумағы «Кеңқолтық» учаскесінде қамыстың жануы тіркелді. Ақпарат жедел штапқа 02.07.2023 жылы сағат 19:32-де түсті. Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдар мен Көкпекті ауданы ТЖБ мамандары дереу барған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы