17 Қараша 2023 2023, 19:52

Абай облысындағы барлық медициналық мекемеде карантин жарияланды

Облыста мамыр айынан бастап облыста қызылшаның зертханалық расталған 75 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыста мамыр айынан бастап облыста қызылшаның зертханалық расталған 75 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің «Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-нің барлық медициналық ұйымдарда карантин белгілеу, ағымдағы дезинфекцияны күшейту, жиі желдету, келушілердің келуін шектеу туралы 13.11.2023 жылғы № 3543 хаты негізінде Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Абай облысында қызылшамен сырқаттануды тіркеу кезінде көмек көрсетуді ұйымдастыру» туралы 13.11.2023 жылғы № 296-НҚ бұйрық шығарып, соған сәйкес барлық медициналық ұйымдарда карантин енгізілді.

Қазіргі уақытта Абай облысында қызылша бойынша эпидемиялық жағдай тұрақты: 2023 жылдың мамыр айынан бастап облыста қызылшаның зертханалық расталған 75 жағдайы тіркелді. Өкінішке қарай, қызылшамен сырқаттанудың бұрынғыдан айырмашылығы, бүгінде диагноз негізінен балалар арасында, яғни барлық жағдайларының 56,0 пайызы (42 жағдай) 5 жасқа дейінгі балалар екенін атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта Абай облысында 7 бала мен 3 ересек адам қызылшамен стационарлық емделуде, ауыр жағдайда жатқандар (балалар мен ересектер) жоқ. Қызылша қатысты инфекциялық төсектердің қамтылуы 12,5%.

Қазақстан Республикасында қызылша бойынша қолайсыз жағдай тіркелген. Осыған байланысты облыста эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының халқы арасында қызылшамен сырқаттануды одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысы шығарылды, онда қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу туралы айтылған.