Абай облысындағы Аягөз өзенінде су деңгейі көтерілді

Абай облысының Аягөз ауданында өзен арнасынан тасыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Аягөз ауданының Аягөз қаласында Аягөз өзенінің арнасынан су көтерілді. Нәтижесінде 5 аула учаскесі су астында қалды. Жергілікті атқару органдарының күшімен 12 адам және 4 бірлік техника күшімен үйінділер жасалынып, сондай-ақ, өзен жағасын көтеру және нығайту жұмыстары жүргізілуде. Су басқан тұрғын үйлер жоқ, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Аула учаскелерінен еріген қар суын шығару үшін Абай облысының ТЖД 7 адам, 2 бірлік техника және 3 мотопомпадан тұратын күштері мен құралдары жұмыс атқаруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы