Абай облысындағы автожолда 5 адам құтқарылды

6 наурыз күні "112" пультіне "Семей-Өскемен" автожолының шамамен 30 шақырымында "Газель" маркалы автокөлік істен шығып, 5 адамды эвакуациялау керектігі туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына Абай облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу барады.

Жолда қалған адамдар Семей қаласына жеткізілген. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болмады.

Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан көлікте ақау болған жағдайда елді-мекендерден алыс жерлерге шықпауларын ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы