20 Тамыз 2026, 09:28 Фото: BAQ.KZ архиві

Абай облысында жыл сайын ЭКО-ға 210 квота бөлінеді

Репродуктивті денсаулықты қорғау, ЭКҰ квоталарын игеру мәселесі талқыланды.

Абай облысында жыл сайын ЭКО-ға 210 квота бөлінеді. 

Қандай бағдарлама жүзеге асуда?

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданған «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында соңғы үш жылда Абай облысына жыл сайын 210 квота бөлініп келеді.

Қала мен ауыл тұрғындарына қанша квота бөлінген?

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында игерілген квоталардың 65,4 пайызы қала тұрғындарына, 34,6 пайызы ауыл тұрғындарына тиесілі. Биылғы алты айда бөлінген квоталардың 54 пайызы игерілген.

Президент тапсырмасы орындалуда

Аймақ басшысы денсаулық сақтау басқармасына осы бағыттағы жұмысты жандандырып, тұрғындар арасында ЭКҰ мүмкіндіктері мен квота алу тәртібі жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

«Көтеріліп отырған мәселе өте өзекті. Сондықтан осы орталықпен бірлесе отырып, жұмыс істеу қажет. Президент тапсырмасына сәйкес бөлініп отырған бұл квота көптеген отбасыға үміт сыйлағаны анық. Өйткені, «бала – адамның бауыр еті». Ұрпақ өрбіту – әр отбасының тілегі, мақсаты. Сондықтан облыс әкімдігі тарапынан жан жақты қолдау көрсететін боламыз», – деді Берік Уәли.