Абай облысында жүзге жуық адам қар құрсауында қалды
Абай облысында қар құрсауынан 96 адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы тас жолында 203 көлік қар құрсауында тұрып қалған.
ТЖМ күштері, ҚР ТЖМ Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің және ҚР ҚМ әскери қызметшілері қар құрсауынан 96 адамды оның ішінде 42 баланы Аягөз қаласының уақытша орналастыру пунктіне эвакуациялады, сондай-ақ шамамен 203 автокөлік қар құрсауынан шығарды, - деп атап өтті ведомстводан.
ТЖМ жүргізушілерге сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлар үшін қажетті заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы