Абай облысында жолдарға шектеу қойылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстағы Аягөз-Қалбатау жолындағы қозғалысқа шектеу қойылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Қазавтожолдың» баспасөз қызметі мәлімдеді.

Абай облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты (қар, боран, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуі) «Алматы-Өскемен» күре жолының қайта жаңарту учаскесінде («СинеМидасСтрой» ЖШС) 778-967 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, – делінген ведомство хабарламасында.

Учаскеге 6 бірлік арнайы техника мен 11 маманжұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы